Атырауда Теңіз кен орнындағы жұмысшылар үшін 15 жылжымалы пункт қызмет көрсетуде
Атырауда Теңіз кен орнындағы жұмысшылар үшін 15 жылжымалы пункт қызмет көрсетуде
295
оқылды
Қазір  Теңіз кен орнындағы мұнайшылар белсенділікпен дауыс беріп жатыр. Кен орнындағы вахталық қызметтегі жұмысшылар Жылыой ауданы бойынша 5 сайлау учаскесінде дауыс бере алады.
"Бүгін еліміз үшін тарихи күн. Жұмыста жүрсек те  еліміздің ертеңі, балаларымыздың баянды болашағы үшін өз таңдауымызды жасауға келдік. Жаңа Қазақстанды құру үшін әркімнің дауысы маңызды", – деді Сенімді Құрылыс мекемесінің қызметкері Руслан Салықов.
Бүгін кен орнында 14 мың жұмысшы дауыс беруге өтініш берген. Олардың ішінде еліміздің басқа өңірлерінен келіп жұмыс істеп жүрген азаматтар да бар. Сағат 10.00 ақпарат бойынша Атырау облысында 102 626 адам өз таңдауын жасады. Атырау облысы бойынша 261 сайлау учаскесі бар. Олар таңғы сағат 07.00-ден 20.00 аралығында ашық болады. Облыс бойынша 409 949 сайлаушы тіркелген.