Мақсат Жақау: Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан тусын
Мақсат Жақау: Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан тусын
595
оқылды
Саясаттанушы Мақсат Жақау мемлекеттің дамуына үлес қосу үшін алдымен әркім өз отбасынан бастауы керегін жеткізді.  – Мемлекет пен адам әрқашан да бір бағытта өмір сүретін және сол мемлекеттің тұтас дамуын жалғастыратын жалғыз ғана субъект. Отбасы кіші мемлекет десек, әрбір адам өзінің кішігірім мемлекетінен бастап, үлкен саясатқа дейінгі нәтижесін көрсетеді. Сол үшін өзінің арман, мұратын мемлекетімен байланыстырады. Көп жағдайда біз, яғни жастар кеңестік уақытқа негатив қөзқарасты әбден қалыптастырып жатқандаймыз. Негізі ол кездің де өз кемшіліктері болды. Бірақ ол жерден үйренетініміз де көп. Мысалы, Кеңес үкіметінде еңбек құндылығын өте жоғары бағалады. Сонымен жауапкершілік келді. Нәтижесінде, жұмыссыздықпен күрес қатты жүрді. Сондықтан әр заманнан өзімізге керегін алған дұрыс, –  дейді Мақсат Жақау.