Мойындау керек, 30 жылда кәсіпкерлерге тең мүмкіндік берілген жоқ – Исламбек Салжанов
Мойындау керек, 30 жылда кәсіпкерлерге тең мүмкіндік берілген жоқ – Исламбек Салжанов
546
оқылды
Меценат, кәсіпкер Исламбек Салжанов аймақтарды көркейту жайында пікір білдірді. – Мойындау керек, 30 жылда кәсіпкерлерге тең мүмкіндік берілген жоқ. Енді-енді қолға алынып, кәсіпкерлік ісі жолға қойылып жатыр. Сол үшін алдымен сыбайлас жемқорлықпен күресті нығайтып, кәсіпкердің құқығын қорғайтын әділ сот болуы керек. Монополияны түбегейлі жою  керек. Сонда ғана кәсіпкерлікті әр аймақта қарқын дамытуға болады. Сондықтан кәсіпкерлікті дамыту үшін халыққа жұмыс қажет. Ал жұртқа жақсы жұмыс бере алатын кәсіпкерлер. Елімізге жаңа инновация енгізетіндер де, оған салық төлейтіндер де тағы кәсіпкерлер. Сол себепті әр өңірде кәсіпкерлікті дамытсақ, әр өңір өркендей түседі. Осылай жан-жақты Үкімет тарапынан қолдау көрсетілсе, экономикамыз да тоқырамайды. Жаппай кәсіпкерлік күшейіп, ілгерілесе, айналымдағы қаражат көзі де көбейеді. Бұл дегеніміз – ел ішіндегі әлеуметтік мәселелердің шешуіне мүмкіндік береді, – дейді Исламбек Салжанов.