Сайлауда автоволонтерлер қызмет көрсетіп жүр

Сайлауда автоволонтерлер қызмет көрсетіп жүр

Қызылорда облысына қарасты Сырдария ауданының жастары бүгінгі саяси науқанда мейірімділік шараларын өткізіп жатыр. Осы уақытта ауданда өз еркімен қоғамға пайдасын тигізуді көздейтін жас еріктілердің қатары артып келеді. Соның ішінде аудандық жастар ресурстық орталығы арқылы 17 автоволонтер жүріп-тұруы қиын 80 қарияны сайлау учаскесіне апарып, үйлеріне жеткізуде. Жалпы, Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығы арқылы ерікті жастар тізімі жасақталып, тегін тасымалдау қызметін ұсынып отыр.