Батыр Амангелді Имановтың немересі сайлауда дауыс берді

Батыр Амангелді Имановтың немересі сайлауда дауыс берді

Жетісай ауданы, Ж.Ералиев ауылдық округі Жеті қазына елді мекенінің тұрғыны, ұлт-азаттық көтерілістің қолбасшысы, батыр Амангелді Имановтың немересі Рысбай Рахымбаев сайлауға барып, дауыс берді. 71 жастағы Рысбай Рахымбаевтан тараған 10 перзенті мен 50-ге тарта немересі бүгінде ауылындағы үлкен әулетке айналған. Батыр ұрпақтары Қазақстан Республикасы президентін кезектен тыс сайлауда белсенділік танытып, өз таңдауын жасады. Учаскелік сайлау комиссиясы батыр ұрпағына құрмет көрсетіп, қазақы дәстүрмен иығына шапан жапты.

«Аллаға шүкір, еліміз тыныш, шекарамыз бүтін, ұйқымыз қанық, қарнымыз тоқ. Кейбір елдердегідей оқтың үні естіліп жатқан жоқ. Біздің ендігі мақсатымыз – қол жеткізген жетістіктеріміз бен жеңістерімізді сақтап, одан әрі дамыту. Ол үшін бүгінгі жасайтын таңдауымыз үлкен маңызға ие», – деді батырдың немересі.