Сайлау учаскелеріне тегін такси апарып-алып қайтады

Сайлау учаскелеріне тегін такси апарып-алып қайтады

Бүгін Қаратал ауданы Үштөбе қаласында сайлау учаскелеріне барып қайтуды жеңілдету мақсатында тегін такси қызметтері жұмыс жасауда. Такси тек қана сайлау учаскесіне ғана емес, кері бағытта да тегін тасымалдауда. Бұл игі бастаманы ұйымдастырушы қаланың белсенді 4 такси қызметі. Жалпы аудан бойынша 28 438 сайлаушы бар. Оның 17 232-і Үштөбе қаласында шоғырланған. Такси қызметі операторының айтуынша, әрбір үшінші қоңырау сайлау учаскесіне шақырылуда. Бұл қала тұрғындарының сайлауға белсенді қатысуының белгісі.