Микаэль Левистон: Мүмкіндігі шектеулі жандардың дауыс беруіне ерекше жағдай жасалғаны қуантты
Микаэль Левистон: Мүмкіндігі шектеулі жандардың дауыс беруіне ерекше жағдай жасалғаны қуантты
IFRI орталығының (Францияның халықаралық қатынастар институты) сарапшысы – Микаэль Левистон Алматы тұрғындары сайлауға позитивті қарайтынын байқағанын айтып өтті.
«Бәрінен де сайлау процесіне жастармен қатар аға буын өкілдерінің де қатысуы таңғалдырады. Сайлау қарқынды және белсенді өтуде», – деді М.Левистон.
Бүгін француз бақылаушы 5 сайлау учаскесінде болған, олардың бірі Ұлттық кітапханада орналасқан сайлау учаскесі.
«Мен Жаңа Қазақстан үшін дауыс беруге келген адамдарға көп көңіл бөлдім. Және бұл тек 50 және 60 жастағы адамдар ғана емес. Келушілер арасында 18 жастағы азаматтар да бар, мысалы, жақында ғана кәмелетке толып, сайлауға өмірінде бірінші рет келген жігітті кездестірдім. Мемлекеттің өз болашағына ұмтылып жатқанын көрсетеді», – деп жалғастырды спикер өз пікірін.
Сондай-ақ, ол Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандардың сайлау учаскелеріне келуі үшін барлық жағдай жасалғанын ерекше атап өтті.
«Бұл үрдіс мені қуантты, және көптеген елдерге үлгі боларлық», – деді шетелдік байқаушы.