18:00-дегі жағдай: 8 миллион 108 мың қазақстандық дауыс берді
18:00-дегі жағдай: 8 миллион 108 мың қазақстандық дауыс берді
Фото: Радмир Фахрутдинов
394
оқылды
18:00-дегі жағдай бойынша қазақстандықтардың 67,85 пайызы дауыс беріп үлгерген. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов мәлімдеді. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, Астана уақытымен сағат 18:00-дегі жағдай бойынша, өңірлерде азаматтардың келу көрсеткіші төмендегі суретте көрсетілген. [caption id="attachment_228370" align="alignnone" width="1200"]дауыс Фото: ortcom.kz[/caption] Шавкат Өтемісовтің мәлімдеуінше, 18:00-дегі жағдай бойынша, 8 108 668 азамат дауыс берген. Ол жалпы сайлаушылардың 67,85%-тін құрады. ОСК мүшесі шетелдік сайлау учаскелері жайлы да айтып өтті.
«Вашингтонда, Нью-Йоркте, Оттавада дауыс беру басталды. Сан-Францискода уақыт белдеуіне байланысты кешірек ашылады», – деді ол.