Бельгиялық бақылаушылар қазақстандық жастар жайлы көзқарасын айтты
Бельгиялық бақылаушылар қазақстандық жастар жайлы көзқарасын айтты
268
оқылды
Бельгиядан келген халықаралық байқаушылар Русланас Ирзикевичус пен Чарльз Шумский ОКҚ алаңында сайлаудағы бақылауларымен, әсерімен және болашаққа деген көзқарасымен бөлісіп, еліміздің қозғаушы күші қазақстандық жастар жайлы айтты.  
«Көңіл күйім жақсы. Өзім де осы марафонға қатысып жатқандай сезімдемін. Орыс тілінде сөйлегеніме кешірім сұраймын, алдағы уақытта қазақ тілін үйренуге тырысамын. Қазақ тілінде «Рахмет» сөзін жақсы білеміз, өйткені бізді өте жылы қабылдады. Барлық қазақстандықтарға рахмет! Мен биыл жазда референдум кезінде де жұмыс істедім. Бұл жолы да өткендегідей үлкен аналитикалық мақала жазамын. Маусым айындағы референдум айтулы оқиға болды: Жаңа Қазақстанның негізі қаланды. Менің ойымша, президенттік сайлау – бұл басқа қадам, басқа раунд. Тағы бірнеше раунд болады және ондай көп болады, бірақ өзгерістердің бар екені көрініп тұр. Біз – Батыста, Еуропада – қазақстандық көшбасшылардың айтқанын көріп, естиміз және бұл жай ғана әңгіме емес, іс екенін сезінеміз. Қазақстан өте жас ел, үлкен ел. Жастардың бұл елді керемет етуге барлық мүмкіндігі бар, өйткені олар барлық қасиеттерге ие. Мұны қолға алыңыздар, жұмыс істеңіздер, осы және келесі сайлауларға белсенді қатысыңыздар. Бұл керемет және қазақ егемендігін нығайту үшін өте маңызды», – деді журналист, «Lituovas Rytas» газетінің бас редакторы Русланас Ирзикевичус.
Бельгиялық журналист, Euractiv агенттігінің қызметкері Чарльз Шумский әріптесімен келісетінін айтты.
«Иә, бұл рас. Қазақстан жас ел, бірақ оның Қытай мен Еуроодақ арасында орналасқанын ескерсек, бұл – өте маңызды ел. Бұл біздің әлемдер арасындағы өте маңызды байланыс. Сондықтан бүгін Қазақстанда болып жатқан оқиға өте маңызды. Мен баспасөз туры барысында сайлаушылармен сөйлескенде көздеріндегі үмітті көрдім. Менің ойымша, бұл жақсы көрсеткіш», – деді журналист.