Қар, жаңбыр, көктайғақ – 21 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қар, жаңбыр, көктайғақ – 21 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет 21 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан Республикасының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Елдің солтүстігінде, шығысында, орталығында – қар жауады. Республика бойынша тұман, көктайғақ, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшеюі, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қалың қар, Түркістан, Алматы облыстарының таулы аудандарында қатты жауын-шашын жауады.