ӘЧ-2022: Қатар құрамасы Эквадордан жеңіліп қалды
ӘЧ-2022: Қатар құрамасы Эквадордан жеңіліп қалды
413
оқылды
Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының алғашқы кездесуінде Қатар құрамасы Эквадорға есе жіберді. Қатар футболшылары турнирдің финалдық сатысына алғаш рет қатысып отыр. Ал Эквадор бұған дейін үш мәрте бақ сынаған. Осылайша, А тобындағы матч қорытындысы бойынша Қатар – Эквадор арасындағы кездесуде Эквадор құрамасы басым түсті. Есеп 2:0. Эквадорлық футболшылар матчтың 16 минутында және 31 минутында Қатар қақпасына екі бірдей гол соқты. Дубльдің авторы – Эквадор шабуылшысы Эннер Валенсия.