Мәскеуде өрт салдарынан 6 адам қаза тапты
Мәскеуде өрт салдарынан 6 адам қаза тапты
Фото: Мобильный репортер/АГН «Москва»
316
оқылды
Ресей астанасы Мәскеу орталығындағы Комсомол алаңында орналасқан гүл қоймасында өрт шығып, салдарынан 6 адам мерт болды, – деп хабарлады ТАСС агенттігі. Ресейлік Төтенше жағдайлар мемлекеттік мекемесінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қаза тапқандардан бөлек тағы бір адам зардап шеккен. Гүл қоймасынан өрт шыққаны туралы хабар жергілікті уақыт бойынша сағат 15:13-те түскен. Өрт сөндірушілер ғимараттан 7 адамды алып шыққан. Өрт салдарынан бірінші және екінші қабаттың арасындағы қабырғалар құлаған. Жалын 2,5 мың шаршы метрді шарпып, оқшауланды, кейінірек өрттің сөндірілгені хабарланды.