Новак Джокович алтыншы рет ATP чемпионы атанды
Новак Джокович алтыншы рет ATP чемпионы атанды
417
оқылды
Әлемнің 8-ракеткасы, сербиялық Новак Джокович алтыншы рет ATP қорытынды турнирінің чемпионы атанды. Италияның Турин қаласындағы «Пала Альпитур» стадионының орталық кортында өткен финалдық матчта Джокович әлемнің 4-ракеткасы, норвегиялық Каспер Руудты 7:5, 6:3 есебімен ұтты. Қорытынды турнирде алтыншы рет үздік шыққан Новак титул жөнінен рекордшы, швейцариялық Роджер Федерермен тең түсті. Сонымен қатар 35 жастағы Новак Джокович чемпион атанған ең жасы үлкен теннисші атанды. Осылайша Федерердің де рекордын жаңартты. Туриндегі жеңісі үшін сербиялық теннисші 1500 рейтингілік ұпайды иеленіп, 4 млн-нан астам АҚШ доллары көлемінде табыс табады. Осы титулы арқасында әлемдік рейтингте бесінші сатыға көтеріледі. Новак Джокович биыл Astana Open ATP 500 жарысында үздік шыққан болатын.