Төтенше жағдайлар министрлігі Астанада адамдарды өрттен құтқарып, қаза тапқан өрт сөндіруші Асқар Забикулинді еске алуға арналған әсерлі видео жариялады. Кадрдан Момышұлы даңғылындағы көпқабатты тұрғын үйдегі адамдарды құтқарып жатқан Асқардың ерлікке толы әрекетін, сондай-ақ оның жұмыстағы, спорттағы жетістікке толы сәттерін көруге болады. https://www.youtube.com/watch?v=pHE6ehC5I_Q&ab_channel=nowostikz
«Ер ісімі – ел есінде», деп жазылған видеоның астында.Әлеуметтік желі қолданушылары өрт сөндірушінің отбасына көңіл айтып жатыр. Еске сала кетсек, 16 қарашада Астанадағы 11-қабаттағы пәтерде өрт шыққан болатын. ТЖД қызметкері Асқар Забикулин пәтерге терезеден кіру үшін 12-қабаттан 11-қабатқа дейін құтқару арқанымен түскен. Артынша жанып жатқан бөлмелерді аралап, өрт ішінен үш адамды алып шыққан.