«Дос-Мұқасан» ансамблінің негізін қалаушы әрі тұңғыш жетекшісінің гитарасы ХІІІ Қысқы қайырымдылық балының аукционына қойылады
«Дос-Мұқасан» ансамблінің негізін қалаушы әрі тұңғыш жетекшісінің гитарасы ХІІІ Қысқы қайырымдылық балының аукционына қойылады
528
оқылды
Құрметті журналистер! Сіздерді елордада 8 желтоқсан күні өтетін ХІІІ Қысқы қайырымдылық балы туралы жарияланатын баспасөз-таңғы асына шақырамыз. Ұйымдастырушысы «Болашақ» корпоративтік қоры.   Баспасөз-таңғы асы барысында аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» ансамблінің негізін қалаушы әрі тұңғыш жетекшісі Досым Сүлеев «Жан досым» хиті шығарылған өзінің 1974 жылғы гитарасын, сондай-ақ топтың алғашқы хиттері жазылған бірегей винил күйтабағын ХІІІ Қысқы қайырымдылық балының аукционына табыстайды. Сонымен қатар балдың аукционына антикварлық лоттар, өнер заттары және басқа бағалы лоттар қойылады. «Болашақ» корпоративтік қоры ерекше қажеттіліктері бар балалардың сапалы білім алу проблемаларына жұртшылықтың назарын аудару және дарынды жастарды қолдау мақсатында 2012 жылдан бастап жыл сайын Қысқы қайырымдылық балын өткізеді. Елорданың осы ауқымды мәдени шарасы әдетте бизнес-элитаның, дипломатиялық корпустың, қоғамдық және саяси топтардың өкілдерін жинайды. 9 жыл ішінде балдардың қорытындылары бойынша қор 800 миллион теңгеден астам қаражат жинады. Түскен қаражатқа: - 75 мамандандырылған оңалту мекемесі, оның ішінде Қазақстан бойынша 46 инклюзияны қолдау кабинеті ашылды және жарақтандырылды. Аутизм және дамуында басқа да ерекшеліктер бар 700-ден астам бала мектепке баруға мүмкіндік алды; - 3000-нан астам маман оқытылды; - 500-ден астам жұмыс орны құрылды; - аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға 100-ден астам білім беру және жол жүру гранттары берілді. Қайырымдылық қаражатын пайдаланудың ашықтығын сақтау мақсатында жыл сайын www.bolashakcharity.kz сайтында қаржылық есептер жарияланады. Баспасөз-мәслихатында сөз сөйлейтіндер: «Болашақ» корпоративтік қоры Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Гаплан, балдың демеуші компанияларының және серіктестерінің өкілдері, «Дос-Мұқасан» тобының негізін қалаушы және тұңғыш жетекшісі Досым Сүлеев, «Hilton Astana» қонақүйінің меңгерушісі Алан Сток, Қазақстанның хореографтар одағының мүшесі, Қысқы қайырымдылық балдарының қоюшы-хореографы Евгений Моисеев.   Өтетін күні мен уақыты: 2022 жылғы 24 қараша, сағат 11.00. Өтетін орны: Астана қ., «Hilton Astana» қонақүйінің №«5*6» залы, Сауран к., 46   Аккредитация 23 қараша сағат 20:00-ге дейін: +7 775 225 19 07; +7 7172 500 618 телефондары бойынша, Ләйлә Кабпасова, баспасөз-хатшысы   pr@bolashak.kz, Instagram: @bolashakcharity