Жәнібек Әлімханұлы «Канеломен» кездесетінін айтты
Жәнібек Әлімханұлы «Канеломен» кездесетінін айтты
571
оқылды
Орта салмақта Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) чемпионы Жәнібек Әлімханұлы келесі жылғы жоспарын айтты, – деп жазады halyq-uni.kz. Ол келесі жылы мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альвареспен қолғап түйістіргісі келетінін жасырмады.
Егер Мунгия келіссе, мен оны нокаутқа түсіремін, иншаллах. 2023 жылы «Канеломен» айқасамын. Міне, менің жоспарым! Не болатынын көрейік, –  деді Жәнібек Әлімханұлы Twitter-де.
Осы аптада Дүниежүзілік бокс ұйымы Жәнібек Әлімханұлының «Канелоның» ізбасары Хайме Мунгиямен жекпе-жегін бекітті. Бұл кездесудің қашан және қай жерде болатыны белгісіз. Өйткені оған 13 желтоқсанға дейін жекпе-жек өткізуге ресми түрде тыйым салынды. Бұл шара боксшының айқастан кейін қайта қалпына келуіне арналған.