Қазақстанда еңбекке қабілеттілігі мен асыраушысынан айырылғандардың төлемақысы көтеріледі. Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайылов «Мемлекеттік қордан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру туралы» қаулыға қол қойды. Әлеуметтік төлем мөлшері 8,5%-ға өседі. «2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына төленетін әлеуметтік төлемдерінің мөлшері 8,5%-ға ұлғайтылсын», – делінген қаулыда.