Блогер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовтың қамаудағы мерзімі тағы ұзартылды
Блогер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовтың қамаудағы мерзімі тағы ұзартылды
© aqmeshit-zhastary.kz
Блогерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовтың қамаудағы мерзімі тағы ұзартылды, – деп хабарлайды Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.
«Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты 2022 жылғы 18 қарашадағы сот шешімімен күдіктіні қамауда ұстау мерзімін қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде бір айға, яғни 18 желтоқсанға дейін санкциялау туралы тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылды. Шешім заңды күшіне енген жоқ», – делінген сот хабарламасында.
Сонымен қатар 19 желтоқсанға дейін Шерниязовты да қамауда ұстау мерзімі ұзартылды.
«Сот шешімі бойынша, күдіктіні қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда ұстау мерзімін бір айға, яғни 19 желтоқсанға дейін санкциялау туралы тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылды», – деп толықтырды сот өкілдері.
Еске салайық, биыл ақпан айында блогерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов Mudarabah Capital қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінген болатын. 20 сәуірде олар 10 тәулікке қамауға алынып, кейін қамауға алу мерзімі тергеу жұмыстарына байланысты әр ай сайын ұзартылып келеді.