Атырауда алып бала өмірге келді
Атырауда алып бала өмірге келді
634
оқылды
Атырау облысының перинаталдық орталығында салмағы 5 келі 700 грамм, бойы 64 сантиметр болатын алып бала дүниеге келді. Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, ана мен баланың жағдайы жақсы. Алып нәресте отбасындағы төртінші бала екен. Сәбидің салмағы ірі болған соң, анасы кесір тілігі арқылы жеңілденген. Айта кетейік, мұндай ірі салмақтағы алып баланың өмірге келу дерегі жыл басынан бері облыс бойынша бірінші рет тіркеліп отыр. Медицина заңдылығына сәйкес, ұрық салмағы 4 келіден асса "ірі", ал 5 келіден асса "алып" саналады.