Сайлаудан соң саудада доллар күрт көтерілді
Сайлаудан соң саудада доллар күрт көтерілді
236
оқылды
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-да доллардың орташа бағамы 463,55 теңгені құрап, бірден 4,05 теңгеге көтерілгенін мәлімдеді. Қытай юанінің орташа сараланған бағамы көтеріліп, 64,80 теңгені (+0,88) құрады. Еуро мен Ресей рублімен сауда болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 476,44 теңге, рубльді 7,61 теңге деп белгіледі. Ақша айырбастау орындарында доллар – 463,5-467 теңге, еуро – 473-479 теңге, Ресей рублі – 7,27-7,42 теңге аралығында сатылып жатыр.