СҚО-да жоғалып кеткен шенеунік тергеу изоляторында дауыс беріп жатқан сәтінде табылды
СҚО-да жоғалып кеткен шенеунік тергеу изоляторында дауыс беріп жатқан сәтінде табылды
Фото: pkzsk.info
244
оқылды
Солтүстік Қазақстан облысы Энергетика және ТКШ басқармасы басшысы Бақыт Ілиясов тергеуге алынған. Телеарнаның түсіру тобы кезектен тыс президент сайлауында оның дауыс беріп жатқанын түсіріп алған, – деп хабарлады Pkzsk.info. Басылымның хабарлауынша, Ілиясов 2022 жылғы тамыздан бері көрінбей кеткен. Петропавлда тергеу изоляторындағы сайлау учаскесінде оның дауыс беріп жатқаны көрсетілген бейнежазба журналист Төлеген Имановтың парақшасында пайда болды. Басқарма басшысы қандай қылмысқа күдіктелгені белгісіз. Ресми тұлғалар пікір білдірмеген. «Шенеуніктердің көбі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитеттің пәрменімен қамауға алынады. Қылмыстық іс туралы қауесет тез тарағанымен, бірақ ресми түрде ешкім ештеңе растамаған», – деп жазады Рkzsk.info. Осындай ақпаратқа қарамастан Бақыт Ілиясов gov.kz-дағы ведомство сайтында Энергетика басқармасының басшысы ретінде көрсетілген. Бұл лауазымды ол 2021 жылғы қазаннан бастап атқарып келеді.