Ильхам Әлиев Қасым-Жомарт Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Ильхам Әлиев Қасым-Жомарт Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті, – деп хабарлады Ақорда.  

Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев Қасым-Жомарт Тоқаевты кезектен тыс президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтады.

Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев Бакуге ресми сапары кезінде қол жеткізген уағдаластықтар екіжақты қарым-қатынасты жан-жақты нығайтуда басты бағдар болатынын атап өтті.Мемлекеттер басшылары сондай-ақ қазақ-әзербайжан стратегиялық серіктестігін одан әрі дамыту жөніндегі бірлескен міндеттерді талқылады.