Қырғыз елінен келген байқаушылардың пікірінше, 20 қараша – сайлау күні Алматыда ешқандай заңбұзушылық тіркелмеген. Бұл туралы Қырғыз Республикасы ОСК жанындағы Лейлек-Сулукту аймақтық сайлау комиссиясының арнайы өкілі Әбдіуали Хамраев, оның әріптесі Қырғыз Республикасы Бішкек АСК төрағасы Бахадыр Конуров және байқаушы Тілек Шығай айтты, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Байқаушы Тілек Шығай да әріптестерінің айтқанына қосылып, президент сайлауының нәтижелі өткенін айтты.«Халықаралық байқаушылар және басқа да әріптес ретінде қатысып отырған елдердің арасында жоғары деңгей байқалады. Бұл – Қазақстанда сайлаудың қалай өтетінінің көрсеткіші болды деп ойлаймын», – деді ол.