Зейнеткерді өрттен аман алып қалды
Зейнеткерді өрттен аман алып қалды
258
оқылды
Ер адамның ерлігі бейнебақы­лау камерасына түскен. Видеода көп­қабатты үйдің бірінші қаба­ты­ның қалай өртеніп жатқаны көр­сетіледі. Дауыс жанып жатқан ғи­­­­маратқа кірмеуді сұрайды. Ар­тын­ша ер адам әлсіреген адамды кө­шеге көтеріп шығады. Төтенше жағдайлар депар­та­ментінің мәліметінше, оқиға 20 қа­рашада Наурызбай ауданын­да­ғы «Шұғыла сити» тұрғын үй ке­ше­нінде болған. Таңғы сағат 5:20 ша­масында өрт сөндіру бөлім­дері­не қоңырау түскен.
«Келген кезде тоғыз қабатты тұр­ғын үйдің бірінші қабатындағы пә­терде тұрмыстық заттар мен жиһаз өртеніп, тұрғындардың өмі­рі мен денсаулығына қауіп төн­генін анықтадық», – деп жария­ла­ды ведомство өкілі.
Қабылданған шаралардан кейін 10 минуттан соң өрт сөн­діріл­ген. Алайда өрт сөндірушілер кел­генге дейін үйде 1950 жылы ту­ған үй иесі болған. Оны осы тұр­ғын үй кешенінің 30 жастағы тұр­ғыны Еркебұлан Жанахметов құт­қарып қалған. Ол өз өмірін қа­терге тігіп, операциядан кейін өз бе­тімен қозғала алмайтын қарт адам­ды аман алып қалған.

 М.ХАҚНАЗАР