Тоқаевтың жеңісі – Әділетті Қазақстанның жеңісі
Тоқаевтың жеңісі – Әділетті Қазақстанның жеңісі
447
оқылды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел Пре­зиденті сайлауында даусыз жеңіс­ке жететінін халықаралық сарап­шылар алдын ала болжады. Де­мек, бұл – айқын, әділ әрі барша халық күт­кен жеңіс болды. Сонымен бірге президенттік додада Қ.Тоқаев­тың ең кемі 81,31% дауыс жинауы Әді­­лет­ті Қазақстанды таңдаған хал­қы­­мыз­дың Ұлттық бірлігінің жарқын көрінісіне айналды. Халықаралық сарапшылар мен шетелдік бай­қау­шылар ортақ байламға келіп отыр: Қазақстандағы сайлауалды науқан да, дауыс беру үрдісі де тыныш, шетін оқиғасыз, заңға және демократиялық қалыпқа сай өт­ті. Ең бастысы, Қ.Тоқаев адал және ашық сайлауда жеңіске жетті. Бұл сайлау бұрынғыдан несімен дараланды? Осы жолғы президенттік до­да­ның көптеген ерекшелігі болды. Мы­салы, елсүйер, фаворит кан­ди­дат нақты бір партияның атынан емес, кеңауқымды халықтық коа­ли­ция атынан бәйгеге түсті. Қа­зақ­стан тарихында мұндай бұрын-соң­ды болмаған. Алғаш рет қол­да­ныл­ған бұл тәсіл өзін-өзі ақтады. Ха­лықтық коалицияға «AMANAT», «Ақ жол», Қазақстан халық партия­сы сияқты саяси партиялар, 30-дан аса республикалық қоғамдық бір­лес­­тік кірді. Жексенбі күні Респуб­ли­калық қоғамдық штабқа барып, еxit poll қорытындысымен таныс­қан Қасым-Жомарт Тоқаев өзіне үл­кен сенім артқаны үшін коа­ли­ция­ға ризашылығын білдірді.
–Қоғамдық штабқа, сенімді өкіл­деріме, еріктілерге рақмет ай­та­мын. Сіздер еліміздің әр түк­пі­рі­не сапарладыңыздар. Ауыл-аймақ­тар, шалғай елді мекендер назардан тыс қалған жоқ. Ел арасында үгіт-на­сихат жүргіздіңіздер. Бұл – үлкен жұ­мыс. Оны мен ешқашан ұмыт­пай­мын. Сол себепті бүгінгі көр­сет­кіш – бәрімізге ортақ жеңіс, – де­ген Қасым-Жомарт Кемелұлы бұл сайлау заңға сәйкес өткеніне ек­пін түсірді. Барлық үміткерге бір­дей мүмкіндік берілді. – Олар аймақтарды емін-еркін ара­лады. Сайлаушылармен кезде­сіп, үгіт-насихат жүргізді. Яғни, еш­кімге шектеу қойылған жоқ. Әр­бір сайлаушыға өз таңдауын жа­сауына еркіндік берілді. Сондықтан бұл науқан ерекше әділ, ашық өтті, – деді Қ.Тоқаев.
Сайлау науқаны үш айға жуық жүр­ді. Соның ішінде 21 қазанда бас­талған үгіт науқаны кезінде Қ.Тоқаевтың сенімді өкілдері мен жақ­тастары 42 қаланы, 5 мыңнан ас­там ауылды аралады. Олар өт­кізген 24 мың үгіт-насихат іс-ша­ра­сына 3 миллионға жуық сайлау­шы қатысты. Кездесулер барысын­да азаматтардан 40 мыңнан астам өтініш-тілек жиналды. Қоғам өкілдері қызу пікір­та­лас­қа түсті. Әртүрлі талқылау бол­ды, теледебат өтті. Ауыл-аймақтағы үгіт науқанында қаншама күпті сауал­дың көбесі сөгіліп, көкейкесті мә­селелердің жоралы жауабы із­дес­тірілді, игі бастамалар және тың ұсыныстар ортаға салынды. Ендігі жұмыс – анықталған проб­ле­ма­лар­дың байыбына барып, бабын табу болса керек. Осы орайда жаңа сай­лан­ған Президент қызу жұмысқа кірі­сіп те кеткенін мәлімдеді. Бұл жолғы сайлаудың екінші бас­ты ерекшелігі – оның қорытын­ды­сында Президент қайта сайлауға түсу құқығынсыз, 7 жылға ел тіз­гінін қолына алып отыр. Яғни, Мем­лекет басшысы келесі элек­то­рал­дық кезеңге дайындық мәсе­ле­сіне еш бас қатырмай, бүкіл 7 жыл бойы осы сайлауалды науқанда бер­­ген уәделерін толыққанды орын­­даудың қамын жасауға бар күш-жігерін, мүмкіндігі мен әлеуе­тін жұмсайтын болады. Ал Қ.Тоқаев саяси жаңғырулардың үлкен топ­та­масын ұсынып үлгерді. Ен­де­ше ал­дағы 7 жылдық белес жетелі іс­тер­ге, іргелі өзгерістерге, байсалды бастамаларға қанық болғалы тұр. Үшінші бір ерекшелік – сайлау жаһандық саясат айдынындағы геосаяси дауылдар, әлемдік эко­но­микадағы алапат дағдарыстар ая­сын­да өтіп отыр. Соған қара­мас­тан, халқымыз көшбасшысының ай­наласында топтасқанын, соның әлеу­меттік-экономикалық саясаты мен саяси реформаларын бірауыз­дан қолдайтынын паш етті. Бұл жолғы президенттік ала­ман­ды даралар тағы бір жайт – оның тыныш ауанда өтуі. Бұрынғы сай­лауларда құқық қорғау ор­ган­дары бейбіт наразылық шараларын, пи­кет пен митингілерді өткізуге ты­рысқан азаматтармен күресіп әлек болатын. Сайлауалды науқан жұмысшылардың ереуілдерімен қо­са жүріп жататын. Биылғы сай­лауда оның бірі болған жоқ. Бас прокуратура тек әлеуметтік же­лі­лерде сот тыйым салған ұйымның 2022 жылғы 20 қарашада заңсыз ми­тингілерді өткізуге, қатысуға жә­не өзге де құқыққа қайшы әре­кет­тер жасауға шақыру таратқа­ны­на қатысты ескерту жасады. Бас прокурордың орынбасары Жан­дос Өмірәлиевтің айтуынша, бай­­қаушылар мен сенімді тұлға­лар­­­ға өз өкілеттіктерін тиімді орын­­­дау үшін жеткілікті кепіл­дік­тер берілген. Олардың заңды қыз­метіне кедергі жасағаны үшін әкім­­шілік жаза (30 АЕК айыппұл) қарас­­т­ырылған. Ал сайлау барысында олардың қыз­­метіне кедергі келтіруге, тұтас­тай алғанда, сайлау заңнамасын бұзуға қатысты құқықбұзушылық­тар тіркелмеген. «Барлығына қарсы» – бәсекелестерге белгі Дауыс берудің алдын ала қоры­тын­дылары да біраз жайттан хабар бер­ді. Орталық сайлау комис­­сия­сы­ның алдын ала мәліметінше, 2022 жылғы 20 қарашада өткен ел Пре­зидентінің кезектен тыс сай­лауы­на 8 300 046 адам немесе бар­лық сайлаушының 69,44%-ы қа­тыс­ты. Дауыс беруде ең үлкен бел­­­­сенділік Жетісу облысында (сай­лаушылардың 81,42%-ы дауыс беру­ге барған), Қызылорда (81,07%), Түркістан (80,37%), Абай (80,18%) облыстарында байқалды. Ал дауыс беруге келудің төмен көр­сеткіштері үш мегаполисте: Ал­маты қаласында (28,72%), Ас­та­на­да (48,67%) және Шымкентте (59,79%), сондай-ақ Маңғыстау (66,99%), Батыс Қазақстан (68,67%) облыстарында тіркелді. Бас­қа облыстарда 72 пайыздан жо­ғары. Сайлау бюллетеніне Қазақстан пре­зиденттігіне 6 кандидат және «Барлығына қарсы» деген баған енгізілді. Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев 6 456 392 сайлаушының не­месе 81,31%-ының дауысын жи­на­ды. Ал 2019 жылғы президенттік додада алғаш рет сынға түскен Қ.Тоқаев 70,96% (6 539 715) сай­лау­шының қолдауына ие болған еді. Яғни, содан бері оның саясатын қызу қолдайтын қазақстандықтар са­ны күрт өскен. Бұл меже тарихқа ене­ді және келесі президенттер үшін өзіндік бағдар, меже болады. Тоқаев Ортсайлаукомның алдын ала де­регінше, «Барлығына қарсы» ба­ғанасы көшбасшы кандидаттың бар­лық бәсекелесінен көп үлесті «қан­жығалады»: Сайлау учаске­лері­не кел­ген дауыс берушілердің 460 484-і не­месе 5,80%-ы осыны таңдапты. Бұл да бұған дейін кез­дес­пеген құ­бы­лыс және біраз жайтты аңғар­та­ды. Аталған бағана Қ.Тоқаевтың сая­си реформасы аясында енгізіл­ген болатын және халыққа дауыс беру кезінде осы арқылы өз ұстаны­мын білдіруге жол ашты. Әйтпесе, бұрынғы сай­лауларда ондай баған болмаған­дық­тан, сайлаушылар барлық үміт­керді қолдамайтынын білдіру үшін бюллетеньді сызғылап, бүл­діріп тастайтын. «Iш қазандай қай­найды, күресерге дәрмен жоқ» деп қынжылып қайтатын. Немесе сай­лауға бармай қоятын. Ал енді елі­­міздің саяси жаңғыруы арқа­сын­­да әр азаматқа осы бағана ар­қы­лы да саяси көзқарасын білдіруге мүм­кіндігі берілді. Саясаттанушы Данияр Әшім­баев­тың байламынша, Тоқаевтың қар­сыластары сайлауалды үгіт нау­қандарын қызықсыздау өткізді, бел­сенділігі төмен болды. Мысалы, егер Google мәліметінше, Қ.Тоқаев­тың сөзінен қараша айында ғана 27 600 рет цитата жасалған. Ал оның оп­поненттерінің көрсеткіші бәрін қо­са алғанда да бұған жетпейді: ин­тернеттегі материалдарда Әбден – 2 250, Дайрабаев – 1 610, Әуесбаев – 1 190, Тұрсынбеков – 926, Қажы­кен 586 рет аталды. Нәтижесінде, сайлау учаске­сін­де оппозицияға дауыс беруге бел­сеніп келген азаматтар өз таң­дауына тұрарлық тұлғасын таппай, «Барлығына қарсы» графасына белгі соғып кетсе керек. Осылайша, бұл баған билікке оппозиция рөлін атқарды, салдарынан іс басындағы Президентке қарсылас болуы тиіс кандидаттар тым аз дауыс алды. Атап айтқанда, Ж.Дайрабаев 271 641 (3,42%), Қ.Әбден 206 206 (2,60%), М.Қажыкен 200 907 (2,53%), Н.Әуеcбаев 176 116 (2,22%), С.Тұрсынбекова 168 731 (2,12%) дауыс ала алды. Сайлау тыныш әрі тиімді өтті Ортсайлаукомның хабар­лауын­ша, 20 қарашада, дауыс беру күні сайлау рәсімдерін президенттікке кан­дидаттардың 11 мыңнан астам се­нім білдірген адамы, сонымен қа­тар шет мемлекеттердің, халық­аралық ұйымдардың 641 байқау­шы­сы, саяси партиялардың 15,5 мың байқаушысы, қоғамдық бір­лес­тіктерден 30 мыңнан аса бай­қаушы бақылады. Салыстырсақ, 2019 жылғы пре­зиденттік додада жалпы саны 10 мыңдай ғана байқаушы болған. Соның ішінде 967-сі халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерден келген. Биылғы сайлауда дауыс беру учас­келеріне қазақстандық бұқара­лық ақпарат құралдарының 1 225 өкілі, 36 елдегі 76 шетелдік БАҚ аты­нан 264 журналист қатысып, сай­лау барысын жариялады. Өзге байқаушылар қатарлы Еу­ропадағы қауіпсіздік және ын­ты­мақтастық ұйымының өкілдері де Қа­зақстандағы Президент сай­лауы­на жақсы баға берді. ЕҚЫҰ де­мократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы миссиясының басшысы Урсула Гацектің айтуынша, Қазақстандағы сайлау тиімді өткізілді, бірақ бай­қаушылар шынайы плюрализмді қамтамасыз ету үшін ары қарай ре­формаларды жалғастыру қажет­тігіне назар аудартты. Еуропалық байқаушылар билік органдары, соның ішінде ОСК сайлаушыларға, байқаушыларға, ақпарат құрал­да­рына барлық қажетті әрі кеңауқым­ды ақпаратты ұсынғанын жеткізді. Еуропалық байқаушылардың байламынша, дауыс беру күні ты­ныш өтті. Дауыс беру кезінде бар­лық рәсім сақталды. ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының мүшелері 1 131 учаскеде бақылау жүргізген, соның 95%-ынан еш сынға себеп тап­папты. Қазақстанның стратегиялық зерт­теулер институты директо­ры­ның орынбасары Алуа Жолдыба­ли­наның бағалауынша, сайлау де­мок­ратиялық нормаларға қатаң сәй­кестікте өтті.
«Бұл президенттік сайлау Қа­зақстанның саяси жүйесін толық қай­та жүктеу жолындағы шешуші қа­дамға айналды. Дауыс берудің ал­дын ала қорытындылары және Exit-poll нәтижелері қазірден бір­қатар байлам жасауға мүмкіндік береді. Біріншіден, сайлау кезектен тыс өткенімен, оның өтуін ел күт­кен еді. Ол заңды және қисынды бол­ғандықтан, халық оған оң қара­ды және сайлауалды науқан де­мок­ратиялық қалыпқа толық сай өтті. Екіншіден, референдумнан кейін жаңа Президенттің мандаты бір- реттік 7 жылмен шектелді. Яғни, жұрт­шылық бұл – Қасым-Жомарт То­қаевтың Мемлекет басшысы ретіндегі соңғы мерзімі екенін бі­ле­ді. Соны түсінгендіктен, осындай қуатты қолдау көрсетті. Түрлі Exit-poll мәліметтерінше, сайлау­шы­лардың 82%-дан 85%-ға дейінгісі өз дауысын іс басындағы Прези­дент­ке берген», – деді А.Жолды­ба­лина.
Оның пайымдауынша, Қазақ­стан халқы Қ.Тоқаевқа саяси жаң­ғыруларды жедел қарқынмен жал­ғастыруға ақ батасын берді. Сон­дықтан елді алдағы 7 жылда билік­тің орталықсыздануы, экономи­ка­ның монополия­сыз­дандырылуы, Пар­ламент, мәслихаттар мен пар­тия­лардың нығаюы және басқа да маңызды, тарихи бастамалар күтіп тұр. Қазақстандағы Президенттік сай­лау халықаралық және отандық са­рапшылар тарапынан демок­ратиялық қағидаттарға сай деп та­нылды. Ал науқанның биік дең­гей­де, парасатты ауанда өтуі хал­қымыздың саяси мәдениетінің жо­ғары екенін паш етті. Қазақстан халқы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Әділетті мемлекетті құру­ға мандат берді. Бұл тұрғыдан ал­ған­да, ұлтты бір тудың айналасында топтастыра алған Қ.Тоқаевтың жеңі­сі Әділетті Қазақстанның жеңі­сі болып есептеледі.