Қытайда зауытта өрт шығып, 36 адам қайтыс болды – видео
Қытайда зауытта өрт шығып, 36 адам қайтыс болды – видео
494
оқылды
Хэнань провинциясының (Орталық Қытай) Аньян қаласындағы зауытта өрт шығып, 36 адам көз жұмды, – деп жазды The paper басылымы. Өрт Аньян қаласындағы кәсіпорында 21 қарашада жергілікті уақыт бойынша 16.22-де басталған. Өрт сөндірушілер 3,5 сағаттан кейін ғана өртті бақылауға ала алған. Сағат 23.00-де өрт толығымен сөндірілді. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жергілікті уақыт бойынша сейсенбі күні сағат 06.10-дағы жағдай бойынша өрт салдарынан 36 адам қаза тауып, екеуі хабар-ошарсыз кеткен, тағы екі адам жеңіл жарақат алған. Қазір оқиғаның себебін анықтау мақсатында өрт болған жерде тергеу амалдары жүріп жатыр. https://www.youtube.com/watch?v=5Wc5Sizzb0o&ab_channel=CGTN