СҚО-да жол жөндеуге бөлінген қаржыны жымқырған шенеунік ұсталды
СҚО-да жол жөндеуге бөлінген қаржыны жымқырған шенеунік ұсталды
485
оқылды
СҚО әкімдігінің Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы тергеу изоляторында қамауда отыр. СҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, СҚО әкімдігінің Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы, «Коммунхоз» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны және жол-құрылыс компаниясының басшылығына қатысты жымқыру, пара беру және алу фактілері бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.
«Олар Петропавл қаласының автожолдарын жөндеуге бөлінген бюджет қаражатын жымқыру, осы жұмыстарды орындаумен байланысты пара беру және алу бойынша күдікті. Бүгінде мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен күдіктілер қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда, өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде жария етілуге жатпайды», – делінген баспасөз хабарламасында.