ШҚО-дағы Жаңа Бұқтырма кентінде тұрғындар жылусыз қалды
ШҚО-дағы Жаңа Бұқтырма кентінде тұрғындар жылусыз қалды
263
оқылды
Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Жаңа Бұқтырма кентіндегі жылу желісінде апат болды. 22 қарашада Жаңа Бұқтырма кентінің тұрғындары тұрғын үйдің салқындығына байланысты шағым түсірген. Артынша кентті жылумен жабдықтаушы ұйымның жылу желісінде апат болғаны анықталған.
«Қазір учаскеде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Мәселе Алтай ауданы әкімінің бақылауына алынды. Жергілікті атқарушы органдардың дерегінше, жылу 07.00-ден 18.00-ге дейін өшірілген. Техникалық жұмыстарды жүргізу үшін ауа райы қолайлы болып отыр», – деп хабарлады ШҚО ақпарат орталығы.
Бірінші ауысымдағы оқушылар мектепте оқыды. Ал екінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқуға жіберілген. Балабақша  балаларын үйде қалдыра алмайтын ата-аналар үшін ғана жұмыс істейді.