Халықаралық байқаушылар Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды штабына келді
Халықаралық байқаушылар Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды штабына келді
218
оқылды
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Парламенттік Ассамблеясының, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының, Америка Құрама Штаттарының және Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының халықаралық байқаушылары ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабына келді. Штаб мүшелері оларды үгіт-насихат және талдау орталықтарының, кандидаттың қоғамдық қабылдау бөлмесінің, медиа-штабтың, сенімді өкілдердің жұмысын үйлестіру орталығының, байқаушылар штабының және арнайы жастар алаңының жұмысымен таныстырды.  width= Жалпы, үгіт-насихат науқаны кезінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары 42 қала мен 5000-нан астам ауылды аралады. Олар өткізген 24 мың үгіт-насихат іс-шарасына 3 миллион сайлаушы қатысты. Кездесулер барысында азаматтардан 40 мыңнан астам ұсыныс пен тілек жиналды.