Көкшетауда өрт сөндіруші Асқар Забикулинмен қоштасу рәсімі өтті

Көкшетауда өрт сөндіруші Асқар Забикулинмен қоштасу рәсімі өтті

Өртсөндіруші Асқар Забикулин Ақмола облысында жерленді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Бүгін Ақмола облысында өз өмірін құрбан етіп, азаматтардың өмірін сақтап қалған батырымыз Асқар Забикулинді жерлеу рәсімі өтіп жатыр. Барлық қажетті, дәстүрге сай, рәсімдер сақталады. Соңғы сапарға шығарып салу рәсімі де Көкшетау қаласының халық көп жиналған орталық мешіті жанында өтті. Таңертең Астана гарнизонынан 150-ге жуық адам шықты. Олардың бәрі соңғы жылдары Асқардың қасында болған әріптестері, барлығы батырдың рухына тағзым ету үшін барды", - деді ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұлов.
Айта кетейік, 3 адамды алапат өрттен құтқарып өзі комаға түскен Асқар Забикулин ауруханада 20 қарашада көз жұмды.