Атырауда 14 жастағы оқушы үйдің шатырынан өлі табылды
Атырауда 14 жастағы оқушы үйдің шатырынан өлі табылды
© atpress.kz
559
оқылды
Облыстық Полиция департаменті оқиғаны растады, – деп хабарлайды AtyrauPress.kz. Жылыой ауданында 14 жастағы жасөспірімнің денесін ата-анасы үйдің шатырынан тауып алған. "Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Толық ақпарат қосымша хабарланады", – дейді ПД өкілі Мейірім Ердәулет. Айта кетейік, марқұм артында ешқандай хат қалдырмағаны белгілі болып отыр.