Қостанай облысында жоғалған жас жігіт 6 күннен кейін ауылдан 15 шақырым жерден өлі табылды
Қостанай облысында жоғалған жас жігіт 6 күннен кейін ауылдан 15 шақырым жерден өлі табылды
2,933
оқылды
Іздеу тобы оның мәйітін Майлин ауданының аумағынан тапты. Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін іздеу шаралары барысында із-түссіз жоғалып кеткен рудныйлық Владимир Борисовтың мәйіті Әйет ауылынан 15 шақырым жерден табылған.
"Қазір сотқа дейінгі тергеу аясында қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өлім себебін анықтау мақсатында сараптама тағайындалды", - делінген хабарламада.
1996 жылғы Владимир Борисов Майлин ауданының Әйет ауылынан 16 қарашада Toyota Corolla-мен шығып, сол күйі хабар-ошарсыз кеткен. Оның көлігі Тобыл станциясынан 10 шақырым жерден табылды.