Қазақстанда UFC турнирін ұйымдастыру жайында келіссөздер жүргізіліп жатыр – NAIZA президенті
Қазақстанда UFC турнирін ұйымдастыру жайында келіссөздер жүргізіліп жатыр – NAIZA президенті
470
оқылды
NAIZA президенті Нұрбек Қарабала Қазақстанда UFC турнирін ұйымдастыру жайында келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтты, деп жазады Sports.ru.
"Біз өз тарапымыздан Қазақстанда UFC турнирін өткізуге күш салып жатырмыз. Бізде екі мақсат бар. Біріншісі – Қазақстанда қолдау көрсететін керемет жанкүйерлер бар және сол үшін UFC промоушенінің әр салмағында қазақ спортшысы болғанын қалаймыз. Екіншіден – біздің лига жігіттерінің америкалық промоушенде қалай сынға түсетіні қызық. Одан бөлек Шавкат Рахмонов деген отандасымызды естен шығармауымыз керек. Ол топ бестікте болуы тиіс. Қазақстанда UFC турнирін өткізу арқылы тағы да 2-3 спортшымыздың сол жаққа ауысқанын қалаймыз. Қазіргі таңда келіссөздер жүріп жатыр. Үлкен масштабтағы жарысты қазақ жерінде өткізуге қанша қаражат кететінін білмеймін. Дегенмен біздің елдің бай-манаптары, қалталы азаматтары Қазақстанда ұйымдастыруға қол үшін береді деген сенімдемін. Осының арқасында біздің елдің жастарына үлкен пайдасы тиер еді", - дейді Қарабала.