Уран өндірісі ұлғая ма?
Уран өндірісі ұлғая ма?
510
оқылды
Ресей Федерациясының Сочи қаласында өтіп жатқан «АТОМЭКСПО-2022» халықаралық форумында «ҚазАтомӨнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» Акционерлік қоғамының коммерция жөніндегі бас директоры Асқар Батырбаев Қазақстан уран өндірісінің көлемін арттыруға мүдделі екендігін хабарлады. Ол түрлі болжамдар мен электр генерациясы үшін уранды пай­даланатын энергетикалық компа­ния­лардың сұранысы мен ұсы­ныстарын зерделей отырып, жаңа кеніштерді дайындай­тындарын айтты. Яки, атом стансалары мен оператор­лары­ның жағдайы бірқалыпты болуы үшін уран өндірісін ұлғайтуға дайын.
«Біз жаңа кеніштерді сұра­ныстар пен ұсыныстар арасындағы теңгерімді негізге ала отырып ашамыз. Сондай-ақ, «ҚазАтомӨнеркәсіп» өз акционер­леріне келісімшарт портфелінде міндетті түрде көрініс табатындай қосымша құндылық бар екенін көрсе, жаңа кеніштер ашады. Яғни, бізде уран өндірісінің кө­лемін арттыру туралы келісімшарт пайда болған кезде-ақ соның не­гізінде өндірісті азайтамыз немесе көбейтеміз», – деді Асқар Батыр­баев.