Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Қазақстанда қант тапшылығы болмайды деп мәлімдеді. Қазақстан өз қантымен өзін 100 пайыз қамтамасыз ететін болады. Зауыттан келетін баға келісіне 450 теңгеден аспайды. Бұл туралы журналистердің сұрағына жауап берген Үкімет басшысының орынбасары айтты.
«Иә, бұл қант құрағы болады, өйткені қызылша шикізаты бізге әлі жетпейді, бірақ сонда да болса ол өзіміздің қант. Сондықтан да енді қант тапшылығы болмайды. Бұл жағдайдың себебі неде? Неге инфляция қазір 18,8 пайыз болып отыр? Мұндағы ең үлкен фактор қант болды. Ол 75 пайыздық өсім көрсетті. Бұл жағдай Ресейдің экспортты жабуына байланысты туындады. Енді әр аймаққа ӘКК арқылы басқа аймақ емес, өзін қамтамасыз ету үшін айналым қаражаты қажет», – деді Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин.