Штабқа 37 елден 44 журналист келді
Штабқа 37 елден 44 журналист келді
285
оқылды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабына шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен халықаралық байқаушылар келді. Штабқа әлемнің 37 елінен 44 шет­елдік БАҚ өкілі келді. Олар­дың қатарында АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Ресей, Түркия, Бельгия, Испания, Аустрия, Швей­­­­цария, Корея, Үндістан жә­не тағы да басқа елдерден кел­ген журналистер бар. «AMANAT» партиясының Ат­­қарушы хатшысы Асхат Ора­лов оларды үгіт-насихат және тал­­дау орталықтарының, канди­дат­­тың қоғамдық қабылдау бөл­месінің, медиа-штабтың, сенімді өкіл­дердің жұмысын үйлестіру ор­та­лығының, байқаушылар шта­бы мен арнайы жастар алаңы­ның жұмысымен таныс­тырды.
«Бұл – көпфункционалды, жо­ғары технологиялық орталық. Осы жерде сайлау науқаны ке­зін­де белгілі бір шешімдерді же­дел қабылдауға мүмкіндік жа­сал­ды. Қасым-Жомарт Тоқаев­ты қолдау жөніндегі Халықтық коалицияға кірген ұйымдардың өкілдері бір ай бойы, күні-түні жұмыс істеді. Штаб жұмысы айқындық қағи­дат­тарына сай және заң талап­та­рын қатаң сақтай отырып ұйымдас­тырыл­ды», – деп атап өтті Асхат Оралов.
Кездесу қорытындысында шет­елдік БАҚ өкілдеріне арна­лып брифинг өткізілді. Оның ба­ры­сында «AMANAT» партия­сы­ның Атқарушы хатшысы жур­налистерді қызықтырған барлық сұраққа жауап берді. журналистер Сондай-ақ, сайлауалды ке­зең­­дегі штаб қызметімен Тәуел­сіз Мемлекеттер Достастығы Пар­ламенттік Ассамблеясының, Ұжым­­дық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының, Ислам Ынты­мақ­тастығы Ұйымының, сон­дай-ақ, Америка Құрама Штат­тары­ның және тағы да басқа ха­лық­аралық байқаушылары да та­нысты. Айта кетейік, үгіт-насихат нау­қаны кезінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары 42 қала мен 5 000-нан астам ауылды ара­лады. Олар өткізген 24 мың үгіт-насихат іс-шарасына 3 миллион сайлаушы қатысты. Кездесулер барысында азаматтардан 40 мың­н­­ан астам ұсыныс пен тілек жи­налды.