Балық шаруашылығына басымдық беріледі
Балық шаруашылығына басымдық беріледі
584
оқылды
Маңғыстау облысының байырғы шаруашылығының бірі – балық шаруашылығы. Аймақта осы шаруашылық түрімен айналысатын кәсіпорындарға қолдау көрсетіліп, шаруашылық қайта жандана бастады. Өңірде балық шаруашылығына мамандынған бірнеше кәсіпорын ашылып, жергілікті әкімдіктен қолдау тапты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстауға жа­са­ған жұмыс сапары барысында ба­лық­ты өсіру және өндіру бойынша қо­лайлы жағдай жасауды тапсыр­ған болатын. Президент жергілікті би­лікке балық шаруашылығымен ай­налысатын бизнес иелеріне қол­дау білдіріп, жер телімдерін беруді тап­сырды. Сонымен қатар балық өнім­дерін елімізге ғана емес, шет­ел­­­дерге экспортқа шығару үшін оң­тай­лы жағдай жасау керектігін айтты. Президент тапсырмасы аясын­да балық шаруашылығының әр­түр­лі саласында серпін пайда бол­­ды. Солардың бірі Industrial Fish Plant кәсіпорны жергілікті ат­қарушы органға арнайы зерттеу жұ­мыстарын жүргізуге жер телімін сұ­рап өтініш білдірген. Осылайша ме­кемеге жалпы көлемі 1 200 гек­тар болатын «Тоқмақ», «Жылан­ды», «Ракушечный мыс» жерінен үш жер телімі үш жылға зерттеуге беріл­ді. Жергілікті әкімдіктен қол­дау тапқан кәсіпорынның бірі CaspyAltynBalyk кәсіпорны. Атал­ған өндіріс орны бекіре тұқымдас ба­лық түрлерін өсіру мақсатында Форт-Шевченко қаласында 0,15 гек­тар жер телімін алған. Қазір атал­ған аймақта құрылыс қарқын­ды жүріп жатыр. Болашақта кәсіп­орын жер көлемін ұлғайтуды көз­деп отыр. кәсіпорын Сондай-ақ «Каспий Алтын ба­лық» ЖШС-не балықты өңдеу жә­не қабылдау мақсатында Түп­қара­ған ауданында 0,10 гектар жер телімі берілген. Ал Caspian Kuryk Balik кәсіпорнына балық және шаян тәрізділерді өсіру үшін Қара­қия ауданынан 0,10 га жер телімі берілді. Ақтау қаласында жұмыс іс­тей­тін NATALI COMPANY ком­па­ниясы биыл 22 тонна балық өні­мін өндірген. Оның жеті тон­на­сын Батыс Қазақстан облысына экс­порттаған. Компания алдағы уа­қытта мұнымен тоқтап қалмай, өн­діріс көлемін ұлғайтуды жос­пар­лап отыр. Ал әкімдік өз кезегінде тиіс­ті көмек көрсететін болады. Өңір­де жеке кәсіпкерлер де балық шаруашылығын дамытуға ынталы. Құрық ауылының тұрғыны Қуа­ныш Сейітов балық шаруа­шы­лы­ғын дамытумен айналысып жүр. Қазіргі таңда балық шаруашы­лы­ғын жүргізу үшін кәсіпкерге Қара­қия ауданынан 10 гектар жер телімі берілген. Балық шаруашылығының да­муы еліміздің экономикасына да оң әсерін тигізеді. Мәселен «Ақтау балық компаниясы» жергілікті жә­не халықаралық нарыққа өнім­дерін шығарып жүр. Компания табиғи таза өнімдерін нарықтық ба­ғадан 20 пайыз төмен бағада сату үшін Ақтау қаласында дүкендерін ашуды жоспарлап отыр. Қазіргі таң­да дүкендердің құжаты жасақ­та­лып жатыр. 2022 жылы Kazakh osseter ЖШС ғылыми-өндірістік кәсіпорны 10 000 кг балық өнімін Ресей және Әзербайжан елдеріне экспортқа шығарған. Қазір Маңғыстау облысында ба­лық шаруашылығын дамыту жос­пары қарқынды жүзеге асып жатыр. Осының аясында өңірдегі балық өнеркәсібі 2030 жылға дейін бірнеше есе ұлғайып, өсірілетін балық көлемі 100 000 тоннаға жетпек. Биыл өңірде 37 тонна балық өсіру жоспарланған болса, соңғы деректер бойынша Kazakh osseter, «Каспиан Ривьера» және NATALI COMPANY кәсіпорын­дары жыл басынан бері 38,5 тонна бе­кіре мен тауарлық балық өсірген. Ал келесі жылы 73 тонна балық өсіру жоспарланып отыр.

Мәдина ЖӘЛЕЛҚЫЗЫ, Маңғыстау облысы