Атырау облысында 24 жастағы жігіт үш күннен бері табылмай жатыр
Атырау облысында 24 жастағы жігіт үш күннен бері табылмай жатыр
Атырау облысында 24 жастағы жігіт үш күннен бері табылмай жатыр. Ол 20 қарашада таңға жуық үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, содан бері оралмаған. Облыстық ТЖД қоғаммен байланыс тобының мәлімдеуінше, жоғалып кеткен жігіт – Қызылқоға ауданының тұрғыны.
«Қызылқоға ауданындағы Жамбыл ауылдық округіне қарасты Қаракөл ауылында тұратын 24 жастағы жігіт 20 қарашада таңғы сағат 05:00-де үйінен шығып кеткен. Содан бері оның қайда жүргені белгісіз. Оны іздестіру жұмыстары үшінші күн қатарынан жалғасып жатыр. Іздестіру жұмыстарына Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен Қызылқоға аудандық полиция бөлімінің, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері мен жергілікті тұрғындардан 37 адам 5 техникамен тартылды», – деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.
Әзірге жоғалған жігітті іздеу жұмыстарынан нәтиже жоқ.