NASA-ның ғарыш кемесі Айға жетті
NASA-ның ғарыш кемесі Айға жетті
300
оқылды
Бортында ғарышкерлері жоқ Орион ғарыш кемесі Айдан шамамен 130 шақырым қашықтықта ұшып, Артемида-1 миссиясы аясында алғаш рет айға жақындады. Бұл туралы NASA Twitter-дегі парақшасында хабарлады. Кеме айға 130 шақырымға жақындаған және енді жоғары орбитаға шықпақ. Ұшу кезінде Орион қозғалтқышты іске қосқан. Бұл жер серігінің айналасындағы жоғары ретроградтық орбитаға шығу үшін қажет екі маневрдің бірі. Бұл маневр кезінде модуль айдың артқы жағында болғандықтан, аппаратпен байланыс 34 минутқа үзілді. Байланыс орнатылғаннан кейін кеме миссияны басқару орталығына Жердің суретін жіберген.