Түркияда 6 баллдық жер сілкінісі болды
Түркияда 6 баллдық жер сілкінісі болды
519
оқылды
Түркияда бірден бірнеше қалада жер сілкінісі болды. Зардап шеккендер бар. Түркияда жергілікті уақытпен таңғы сағат 4:08-де Рихтер шкаласы бойынша магнитудасы 5,9 балдық жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулерінің эпицентрі – Түркияның солтүстік-батысындағы провинцияның Дюздже қаласында. Аталған аймақ Анкарадан батысқа қарай 240 км және Стамбұлдан шығысқа қарай 228 км жерде орналасқан. Жер сілкінісі Анкара мен Стамбұлда, сондай-ақ елдің бірнеше қаласында қатты сезілген. Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою басқармасының (AFAD) мәліметінше, 18 афтершок тіркелген, ал жерасты дүмпулері 6,5 км тереңдікте орналасқан. Енді аймақта тексеріс жүргізілмек. Дюздже қаласының мэрі Фарук Озлуның мәліметінше, алдын ала ақпарат бойынша жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендер жоқ.
«Жойқын жер сілкінісі болды. Олар бізге қатты сезілді. Көптеген тұрғын көшелерге қашып шыққан. Қазір барлық жерде электр қуаты өшіп қалды. Жер сілкінісінің басқа да салдарлары анықталуда», – деді Ф.Озлу.
Алайда Түркия Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жер сілкінісі салдарынан 22 адам зардап шеккен. Биіктен секіріп кеткен бір науқастың жағдайы ауыр.