Бүгін Арменияда ҰҚШҰ саммиті өтеді

ҰҚШҰ
Фото: gov.kz

23 қараша күні Ереванда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) саммиті өтеді. Саммит Армения Республикасының Премьер-министрі Никол Пашинянның төрағалығымен өтеді.

ҰҚШҰ сайтындағы ақпаратқа сәйкес, іс-шараға Қасым-Жомарт Тоқаев, Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Ресей президенті Владимир Путин және Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон қатысады.

Күн тәртібінде – халықаралық және өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқылау.

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.