Төтенше жағдайлар министрі Ленин шахтасындағы апаттың себебін айтты
Төтенше жағдайлар министрі Ленин шахтасындағы апаттың себебін айтты
190
оқылды
ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин 3 қарашада Шахтинск қаласындағы Ленин атындағы шахтада бес кеншінің өмірін қиған апаттың себебін айтты.
«3 қарашада Ленин атындағы шахтада болған апат бұрын бұрғыланған дренаждық ұңғымалардан газ бен көмір шаңының көп мөлшерде шығуына байланысты кенеттен газдинамикалық құбылыс нәтижесінде пайда болды. Негізгі себеп – метанның шаңмен бірге көп мөлшерде шығуынан №79 пикет аймағындағы бұрғылау станогындағы бұрғылау штангасының металл бекіткіштерінің элементтеріне үйкелуі салдарынан ұшқын пайда болып, жарылыс орын алған», – деді министр.
Сонымен қатар министр қауіпсіздік талаптарының бұзылғанын да айтты. Нақтырақ айтқанда инженерлік-техникалық персонал тарапынан тиісті бақылау болмаған, соның салдарынан жұмыс өндірісі дұрыс ұйымдастырылмаған. Қазір Ленин шахтасының 26 қызметкері, оның ішінде басшылық лауазымдарды атқаратын екі шетелдік азамат шахтадағы апатқа жауапты болып анықталды.