Қазақстанда "интерполдың генерал-майоры" ұсталды
Қазақстанда "интерполдың генерал-майоры" ұсталды
Фото: t.me/antikornews
597
оқылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет арнайы операция нәтижесінде өздерін мемлекеттік қызметкерлер ретінде таныстырып, азаматтардың қаржысын жымқырған алаяқтар тобын ұстады.
Топ мүшелерінің бірі Б. Әбдікерімов соттың санкциясымен қамауға алынды. Басқа қатысушы М. Тұрановтан «Халықаралық полиция орталығы» («Interpol Center UN») генерал-майорының куәлігі тәркіленді. Қазір қылмыстық іс бойынша жедел тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Аталған адамдардың басқа қылмыстар жасауға қатысының бар-жоғы тексеріледі. Тергеу мүддесі үшін бұдан өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алаяқтардың мемлекеттік органдарда ойдан шығарылған байланыстармен жасырынып, қылмыстық жазаланатын іс-әрекеттер жасауының жалғасып жатқан жағдайларына назар аударады.