Сыртқы істер министрлігі ЕҚЫҰ ДИАҚБ-тың сайлауға қатысты мәлімдемесіне пікір білдірді

Сыртқы істер министрлігі ЕҚЫҰ ДИАҚБ-тың сайлауға қатысты мәлімдемесіне пікір білдірді

ЕҚЫҰ ДИАҚБ-тың 2022 жылғы Қазақстандағы президент сайлауын бақылау жөніндегі миссиясының алдын ала нәтижелері мен тұжырымдары туралы мәлімдемеде объективтіліктің жоқтығы байқалады және осы уақытқа дейін республикамыздың қолдауына ие болған ұйым маңызды институт ретінде ДИАҚБ тиімділігіне күмән тудырады. Сыртқы істер министрлігі ұйымның сайлау қорытындысына қатысты мәлімдемесіне осындай пікір білдірді. 

Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюро (ДИАҚБ) ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің олардың қызметінде «адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын толық сақтауды қамтамасыз етуге, заң үстемдігі негізінде әрекет етуге және демократия қағидаттарын жүзеге асыруға» бағытталған қызметіне көмек көрсету мандаты бар екені мәлім (1992 ж. Хельсинки құжаты).

"Мәлімдеме ЕҚЫҰ ДИАҚБ үшін дәстүрге айналған бейтарап тұжырымдардың трафаретті және біржақты қорытындыларды қамтиды және еліміздегі ішкі жағдайды толық түсінбейтінін көрсетеді. ЕҚЫҰ ДИАҚБ байқаушылар тобы мен оның басшылығының қызметі Қазақстан Президентінің елімізді трансформациялауға, оны құқықтық дамыған озық қоғамға айналдыруға бағытталған реформаларына қарсы достық емес көзқарасты айқын көрсетті", – делінген хабарламада.

Ведомство ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясының дәлелсіз және фактілермен расталмаған айыптау мәлімдемесі сайлауды бақылаған барлық беделді халықаралық ұйымдардың қорытындыларына сәйкес келмейді, бұл оның біржақтылығын тағы да көрсетеді деп есептейді.

"ЕҚЫҰ ДИАҚБ мәлімдемесінің мазмұны Қазақстан билігімен ұзақ мерзімді және сындарлы ынтымақтастықты дамытуға ұмтылыстың жоқтығын көрсетеді және мұны міндетті түрде біз ескеретін боламыз", – делінген ведомствоның ақпаратында.

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.