Ресейде телефон нөмірін сканерлейтін технология пайда болды
Ресейде телефон нөмірін сканерлейтін технология пайда болды
Ресейде қолмен жазылған нөмірлерді ажырататын тұңғыш сканерді Tinkoff банкі ұсынды. Фото Getty Images сайтынан алынды
758
оқылды
Ресейде Tinkoff-тың Жасанды интеллект технологиялары орталығы қағазға басып шығарылған және қолмен жазылған нөмірлерді танитын тұңғыш телефон нөмірі сканері жасалды. Бұл қызметтің банк клиенттері үшін қандай жеңілдіктер беретінін ресейлік "Ведомости" газетіне сілтеме жасай отырып, Aikyn.kz түсіндіреді. [caption id="attachment_228866" align="aligncenter" width="1800"]Рисунок5 Камераны телефон нөміріне бағыттайды. Сканер кескінді талдайды, сандары бар аймақтарды тауып, телефон нөмірін анықтайды. Фото Getty Images сайтынан алынды.[/caption] Енді банк клиенттері телефондағы тізімнен керекті абонентті іздемей және мобильді банкке сол нөмірді енгізбей-ақ ақша аударатын болады. Сканердің жұмыс істеу алгоритмі мынадай: адам мобильді банкке кіреді, «Төлемдер» бөліміне өтіп «Телефон аударымдары» іздеу жолының оң жағындағы сканер белгішесін басады.
Әрі қарай камераны қағазға немесе кез келген басқа жерге жазылған телефон нөміріне бағыттайды. Содан кейін сканер кескінді талдайды, сандары бар аймақтарды тауып, телефон нөміріне қатысты емес ақпаратты алып тастайды.
Осыдан кейін табылған сандар нейрондық желі арқылы сарапталып, ресейлік операторлардың бірінің телефон нөмірі болатын сандардың ең қолайлы тізбегін таңдайды. Ал банк клиентіне осы нөмірге ақша аудару ұсынылады. [caption id="attachment_228868" align="aligncenter" width="1761"]Рисунок6 Сандарды тез анықтауға мүмкіндік беретін технологияны банк өздері жасаған. Фото Getty Images сайтынан алынды.[/caption] «Сканерде жұмыс істей отырып, стандартты қолжазба деректер жинағы бізге жарамсыз екенін түсіндік, өйткені  адамдар қолтаңбалары әртүрлі болғандықтан, олар сандарды да әртүрлі жазады», – дейді Tinkoff-тың бизнес технологиялар жөніндегі вице-президенті Константин Маркелов.
Қолжазбаларды қолданып, сандарды тез және анық тануға мүмкіндік беретін технологияны банк өздері жасаған.
[caption id="attachment_228869" align="aligncenter" width="1800"]Рисунок7 Телефон нөмірі бойынша аударымдар жасау бұрынғыдан да ыңғайлы болды. Бірақ бұл бір ғана банкте жұмыс істейді. Фото Getty Images сайтынан алынды.[/caption]  
Сканерлеу және тану процесі шынымен жылдам: камераны көрсетуден бастап жылдам төлем жүйесі арқылы немесе банк клиентінің өзіне аудару үшін телефон нөмірін көрсетуге дейінгі барлық процедура 0,3 секундтан аз уақыт алады.
Егер банк клиенті қажетті нөмірді бетінде бірнеше нөмірлер жазылған телефон кітапшасынан сканерлесе, онда жасанды интеллект олардың барлығын сараптап, ақша аударылатын телефон нөмірін таңдауды ұсынады. Банк клиенттеріне телефон нөмірі бойынша аударымдар жасау бұрынғыдан да ыңғайлы болды. Бірақ бұл, әзірше  бір ғана банкте жұмыс істейді.