Ресейде Tinkoff-тың Жасанды интеллект технологиялары орталығы қағазға басып шығарылған және қолмен жазылған нөмірлерді танитын тұңғыш телефон нөмірі сканері жасалды. Бұл қызметтің банк клиенттері үшін қандай жеңілдіктер беретінін ресейлік "Ведомости" газетіне сілтеме жасай отырып, Aikyn.kz түсіндіреді.
[caption id="attachment_228866" align="aligncenter" width="1800"]
Әрі қарай камераны қағазға немесе кез келген басқа жерге жазылған телефон нөміріне бағыттайды. Содан кейін сканер кескінді талдайды, сандары бар аймақтарды тауып, телефон нөміріне қатысты емес ақпаратты алып тастайды.Осыдан кейін табылған сандар нейрондық желі арқылы сарапталып, ресейлік операторлардың бірінің телефон нөмірі болатын сандардың ең қолайлы тізбегін таңдайды. Ал банк клиентіне осы нөмірге ақша аудару ұсынылады. [caption id="attachment_228868" align="aligncenter" width="1761"]
Қолжазбаларды қолданып, сандарды тез және анық тануға мүмкіндік беретін технологияны банк өздері жасаған.[caption id="attachment_228869" align="aligncenter" width="1800"]
Сканерлеу және тану процесі шынымен жылдам: камераны көрсетуден бастап жылдам төлем жүйесі арқылы немесе банк клиентінің өзіне аудару үшін телефон нөмірін көрсетуге дейінгі барлық процедура 0,3 секундтан аз уақыт алады.Егер банк клиенті қажетті нөмірді бетінде бірнеше нөмірлер жазылған телефон кітапшасынан сканерлесе, онда жасанды интеллект олардың барлығын сараптап, ақша аударылатын телефон нөмірін таңдауды ұсынады. Банк клиенттеріне телефон нөмірі бойынша аударымдар жасау бұрынғыдан да ыңғайлы болды. Бірақ бұл, әзірше бір ғана банкте жұмыс істейді.