Алдағы үш күнде елімізде -30 градус аяз болады

аяз
© 24.kz

Алдағы үш күнде еліміздің кейбір өңірлерінде -20-29 градусқа дейін аяз болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Синоптиктердің мәліметінше, Самара аудандарынан жылжыған циклон жырасымен еліміздің басым бөлігінде қар жауады деп болжанып отыр. Батыс және оңтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар) түрінде, 25 қарашада солтүстікте, 26 қарашада шығыста қалың қар жаууы мүмкін.

«Республика бойынша желдің күшеюі, тұман, солтүстік, шығыс, орталықта бұрқасын болады деп күтілуде. Кезеңнің соңында Салехард аудандарынан солтүстік суық антициклонының енуімен республиканың көп бөлігінде жауын-шашын тоқтап, солтүстік, шығыс және орталықта ауа температурасы түнде және күндіз -20-29 градус аязға дейін күрт төмендейді деп болжанып отыр», –  делінген хабарламада.

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.