Ақтауда бір топ қоқиқазды видеоға түсірді
Ақтауда бір топ қоқиқазды видеоға түсірді
Фото: Дереккөзден алынды
Lada.kz-тің жазуынша, Ақтау тұрғыны Сергей Хачатрян Қаракөлдегі қоқиқаздарды аспаннан коптермен видеоға түсірген. Сергей Хачатрян жыл сайын Ақтау маңындағы Қаракөл көліне ұшып келетін қоқиқаздарды видеоға түсіріп, ролик жасайды.   https://www.youtube.com/watch?v=BzA2dLjA8Xk «Қоқиқаздар көлдің ортасына жиналған, сондықтан мен оларды шусыз коптермен жақындатып түсірдім. Сондықтан құстар үрікпейді», – деді Сергей Хачатрян. Қоқиқаздар Қазақстанның бірнеше аймағында, оның ішінде, көлдерді мекендейді.