Иманғали Тасмағамбетовке қатысты тың мәлімет шықты
Иманғали Тасмағамбетовке қатысты тың мәлімет шықты
©total.kz
24,057
оқылды
Белгілі қазақстандық мемлекет қайраткері Иманғали Тасмағамбетов алдағы үш жылда Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымын (ҰҚШҰ) басқаруы мүмкін, – деп хабарлайды ҚазТАГ. "Бас хатшы Сыртқы істер министрлері кеңесінің ұсынысы бойынша мүше мемлекеттердің азаматтары арасынан Кеңестің шешімімен үш жыл мерзімге тағайындалады", – делінген ҰҚШҰ жарғысында. Осылайша, егер Тасмағамбетов тағайындалатын болса, 2025 жылдың соңына дейін ҰҚШҰ Бас хатшысы болады.   Агенттік бұған дейін алдымен анонимді Telegram арналарда, содан кейін саясаттанушы Ербол Еділовтың Telegram-арнасында және Vlast интернет-басылымында Тасмағамбетов келесі ҰҚШҰ бас хатшысы болып, беларусь Станислав Засьтің орнына келетіні туралы тараған ақпараттарға сүйенген. Тасмағамбетов 2017 жылдың ақпанынан 2019 жылдың желтоқсанына дейін Қазақстанның Ресейдегі Елшісі, одан бұрын, 2016 жылдың қыркүйегінен бастап Премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарды. Осы жылдар ішінде премьер-министр содан соң қорғаныс министрі болды. Алматы және Астана қалаларының әкімі қызметтерін атқарды, президент әкімшілігін басқарды және басқа да бірқатар маңызды мемлекеттік қызметтерде болды.