Армения мен Қырғызстаннан қанша көлік әкелінген?
Армения мен Қырғызстаннан қанша көлік әкелінген?
Фото: Интернеттен алынды
303
оқылды
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің мәліметінше, Қазақстанда соңғы үш айда шетелдік нөмірмен жүрген көлік иелеріне 20 мыңға жуық айыппұл салынған. Комитеттің мәліметінше, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап, шетелден Қазақстанға 31 695 автокөлік әкелінген.   [caption id="attachment_2293" align="alignnone" width="740"] width= Фото: Tengrinews.kz[/caption] Сондай-ақ, Бас прокуратура комитеті мен Ұлттық банк жүйесіне қарасты Мемлекеттік несие бюросының бірлескен жұмысы нәтижесінде, шетелден әкелінген көліктердің жол ережесін бұзу фактілері анықталған.
«2019 жылдың 21 қазаны мен 2020 жылдың 27 қаңтары аралығында шетелдік нөмірі бар автомобиль иелеріне 19 920 айыппұл салынған. Фотовидеотіркеу камераларын қолданудың әсері ретінде жол қозғалысы ережелерін бұзу және қоғамдық тәртіпті бұзу деректері анықталған. Бұл ақпаратты оператор өңдейді. Ішкі істер органдарының қызметкері сақтандыру полисінің мәліметтерін ескереді», – деді Бас прокуратура комитетінің өкілдері.